Жастар арасында зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу

Жастар арасында зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алудың өзекті мәселелері Астанада өткен халықаралық семинар-тренингтің басты тақырыбына айналды.

Оқу іс-шарасын Құқық қорғау органдары академиясы тұрақты халықаралық әріптестердің – «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» GIZ жобасының, ЕҚЫҰ, БҰҰ ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырды.

Күн тәртібі шеңберінде діни экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, жастар ортасында экстремистік идеялар мен радикалды көріністердің таралу себептері мен шарттары қаралды.

Спикерлер экстремизм ұлттық қауіпсіздік үшін өте маңызды сынақ болғанын және дәстүрлі күрес әдістері жеткіліксіз екенін атап өтті. Бұл жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру, заңсыз мазмұнды анықтау және бұғаттау үшін инновациялық IT-технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану қажеттілігі туындады.

Экстремистік идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастырудың маңызды компоненттері тиісті қарсы үгіт-насихат және ақпараттық-ағарту жұмыстары, интернеттегі және әлеуметтік желілердегі экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Бұл үшін мемлекеттік құрылымдардың азаматтық қоғам институттарымен және үкіметтік емес ұйымдармен мүдделі әріптестігі, осы жұмысқа жастар өкілдерін белсенді тарту да шешуші мәнге ие.

Семинар бағдарламасында халықаралық ынтымақтастық, терроризмге қарсы жұмыс тәжірибесімен алмасу мәселелері қамтылды, мұнда террористік қатерлердің алдын алудың инновациялық құралдары мен озық шетелдік тәжірибелері үлкен қызығушылық тудырады.

Дін, психология, ұлттық және халықаралық құқық саласындағы сарапшылардың, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мазмұнды және сындарлы пікірталастар өтті.

Семинар қорытындысы бойынша діни экстремизмге қарсы күрес стратегиясын жетілдіруге және қоғамды, мемлекетті Террористік қатерлерден тиімді қорғауға бағытталған ұсынымдар әзірленді.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі