Академия «Төңкерілген сынып» оқыту технологиясын енгізуде

Бүгін Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Аралас оқыту технологиялары. Оқу процесін цифрландыру мүмкіндіктері» тақырыбында «Педагогикалық шеберлік мектебі» курсы басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты аралас оқытудың жаңа білім беру технологияларын игеру.

Бұл курс аясында «Төңкерілген сынып» (Flipped classroom) сияқты оқыту моделінің негіздері мен ерекшеліктері зерттеледі.

Оның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы — сабақтарда уақыт теориялық материалды ұсынуға жұмсалмайды, бірақ назар оны практикада қолдану ерекшеліктеріне, осы материалды пайдалану үшін қажетті дағдыларды дамытуға және бекітуге бағытталған. Оқу материалы цифрландырылған және сабаққа дейін электрондық порталға жүктелген, білім алушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оны өз бетінше оқып, қайталай алады.

Мұның бәрі білім беру процесін цифрландыруды және оқытушыларда бейне сабақтар құру, оқыту мазмұнын монтаждау дағдыларының, инфографика тілі негіздері мен визуализация әдістерін білуді көздейді.

Оқыту аясында оқытушылар өздерін бейне режиссер, сұхбат беруші, заманауи презентациялар мен визуалды жұмыстардың басқа форматтарын жасаушы ретінде сынап көреді.

Оларға Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің тәжірибелі жаттықтырушылары, сондай-ақ белгілі видеоблогерлер жаңа дағдыларды игеруге көмектеседі.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі