Оқушыларды Құқық қорғау органдары академиясымен таныстыру

Прокуратура органдарында қызметті танымал ету мақсатында Құқық қорғау органдары академиясы Р. Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Оқушылар Академияның өмірімен және оқу үдерісімен танысты, оқытушылармен және білім алушылармен кездесті, сондай-ақ прокурордың кәсібі мен құқық қорғау қызметі туралы көбірек білді.

Кездесу барысында Академия бойынша экскурсия өткізілді. Қонақтарға оқу аудиториялары, полигондар, тыңдаушыларға арналған жатақхана және ЖОО-ның басқа да объектілері көрсетілді.

Мамандық өкілдерімен тікелей қарым-қатынас жасау, пікірталастарға қатысу және оқу процесін бақылау жастарды сот төрелігі мүддесі үшін қызметке ұмтылуға итермелейді.

Бұл бастама жастарды құқық қорғау органдарының қызметіне тарту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бөлігі болып табылады және Академия бұл салада табысты мансапқа жету жолындағы көптеген жастар үшін алғашқы қадам болады деп үміттенеді.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі