АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдерінің Академияға сапары

Бүгін Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары академиясында АҚШ Мемлекеттік департаментінің INL бюросының бағдарламалар кеңесшісі Кайл Оджимамен және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің әріптестерімен кездесу өтті.

Академия ректоры Марат Сексембаев екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Кездесу аясында өзара іс-қимылдың келешегі мен бағыттарын талқылауға, атап айтқанда, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мамандары үшін бірлескен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға басты назар аударылды.

Жаһандық қауіп-қатерлерге және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері талқылаудың негізгі сәттері болды. Адам саудасына, есірткі бизнесіне, киберқылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аударылады.

Кездесу Қазақстан мен Орталық Азияның құқық қорғау органдарының кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған болашақ бірлескен жобалар мен білім беру іс-шараларына қатысты нақты уағдаластықтарға қол жеткізумен аяқталды.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі