Бүгін Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры Қалиолла Сейтеновтың Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өңірлік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Пол Хандрикспен кездесуі өтті.
Тараптар екіжақты құқықтық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен перспективаларын талқылады.
Қылмысқа қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша жоспарланған білім беру тренингтеріне қатысты пікір алмасты.
Кездесу соңында Пол Хендрикс бірлескен жобаларды іске асыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Тараптар қалыптасқан диалогты дамытуды жалғастыруға ниетті.
Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі