12-13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Digital Bridge» Халықаралық форумы аясында «Qazaqstan Project Management Awards» ұлттық байқауының қорытындысы шығарылды. 200-ден астам қатысушының арасындағы үш айлық іріктеуден кейін елдің ең жақсы жобалары мен менеджерлері лайықты марапаттарға ие болды.
Академия қызметкері, PhD докторы Артур Баймаханов «Орталық мемлекеттік органдар» санатындағы «Жылдың үздік жобалық менеджері» номинациясы бойынша қола жүлдеге ие болды.
Біз доктор Артур Баймахановты осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және оған кәсіби қызметте жаңа табыстар тілейміз!
Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі