АҚШ Елшілігінің өкілімен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясына АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімінің басшысы Юлиана Садовски келді.
Дипломатиялық миссия өкілін құттықтай отырып, ЖОО ректоры Марат Сексембаев халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын ілгерілетуде көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша мүдделі әңгіме және пікір алмасу өтті.
Одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау шеңберінде әңгімелесушілер Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін адам саудасына, есірткі және киберқылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, азаптауға, қаржылық тергеуге және активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыру туралы уағдаласты.
Джулиана Садовский серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытты және қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі