Құқық қорғау органдары академиясында мемлекеттік айыптаушылар үшін кезекті біліктілікті арттыру курстары аяқталды.
Оқудан алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурорлар өтті.
Жаттықтырушылар ретінде Академия оқытушылары мен Бас прокуратура қызметкерлері сөз сөйледі.
Оқыту бағдарламасы сотқа мемлекеттік айыптауды қадағалау мен қолдауды жүзеге асыру үшін қажетті тереңдетілген кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтарда прокурорлық практиканың проблемалық мәселелері, тұлға психологиясының негіздері және жанжалдарды шешу талқыланды, көпшілік алдында сөйлеу техникасы пысықталды.
Оқытудың практикалық бағытын күшейту үшін симуляциялық сот процесі жүргізілді, оған бастапқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары қатысты.
Соттың нақты отырысына еліктеу алқабилер алқасын іріктеу және қалыптастыру кезінде мемлекеттік айыптаушының қатысуының маңызды дағдыларын алуға, қадағалау органының ұстанымын шебер баяндауға, заңдылықты бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Тренинг қорытындысы бойынша қадағалау практикасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі