Қазақ КСР Прокуроры Өтеген Сейітовті еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаевтың төрағалығымен панельдік сессия өтті.
Форумға қатысушылар құқық қорғау қызметі мен құқық қолдану практикасының, заңдылықты нығайтудың және адам құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Өткен пікірталастар шеңберінде дербес деректерді қорғаудың нормативтік-құқықтық және әдістемелік базасы, заңсыз шығарылған активтерді қайтару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қылмыстық істерді тергеу мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары басшыларының кәсіби табыстылығының заманауи тәсілдері, құқықтық тәртіп органдарының кадрлық әлеуетін күшейтудің, қылмыстық процесте қорғау құқығын іске асырудың, пробация субъектілерінің өзара іс-қимылының және сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің маңызды аспектілері қарастырылды.
Заңдылықты нығайту және прокурорлық қадағалауды жетілдіру, прокуратура органдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мүдделі пікір алмасу өтті.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Академия тыңдаушылары, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясының адвокаттық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі