Академия шағын футбол жарысында жеңімпаз атанды

Өткен демалыс күндері Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты өзінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырған шағын футболдан жарысқа қатысты.
Турнир Жоғарғы Соттың, Әділет Министрлігінің, Әділет Академиясының, Мемлекеттік басқару академиясының, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Зияткерлік меншік ғылыми-зерттеу институтының және Сот сараптамасы орталығының құрама командалары арасында өтті.
Табанды күрес нәтижелері бойынша Құқық қорғау органдары академиясы жеңімпаз және кубок иегері атанды, Заңнама институты 2-орын, Сот төрелігі академиясы 3-орын алды.
Құқық қорғау органдары академиясы командасының құрамы: Айдос Төлеуов, Жанат Есмағамбетов, Бақжан Байкелдиев, Нұрлан Бейсенбин, Шынғысхан Өтеміс, Думан Түгінбаев, Мұрат Тайғанов, Диас Сабыров және Ералы Бейсекенов.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі