«ТІЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл шебері» байқауы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — мемлекеттің тіл саясатын қолдау, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген тыңдаушыларды анықтау және қолдау, қызметкерлерді қызметте тілдерді белсенді қолдануға ынталандыруды күшейту үшін жағдай жасау.

Байқауға үш тілді меңгерген 14 тыңдаушы қатысты.

 Жарыс үш тақырыптық бағыт бойынша өткізілді – «Елтаным», «Сөзтаным», «Ойтаным», оның барысында қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі мен сауаттылығы бағаланды.

Байқауға қатысушылар тілдер мен сөйлеу мәдениетін жақсы білетіндіктерін көрсетті, ел тарихына байланысты тапсырмаларды сенімді орындады, Қазақстанның қазіргі дамуындағы мемлекеттік тілдің рөлі туралы эссе жазды.

Қатысушылардың шеберлігін құзыретті қазылар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша Касымов Адильбек гран-при иегері атанды.

1-орынды — Анна Баданова, 2-орынды — Ислам Пердехан, 3-орынды — Диана Мауыткали иеленді, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі