Киберқылмысты тергеу бойынша тренинг

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының базасында киберқылмыстарды тергеу бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг өтті.

Іс-шара аталған тақырып бойынша құқық қорғау органдары үшін мамандар даярлаудың үшінші кезеңі болды.

Прокуратура, ҚМА, СЖҚА, ІІМ және Сот сараптамасы орталығының тыңдаушылары OSINT (ашық көздерден деректерді барлау, жинау және талдау технологиясы) және цифрлық криминалистика құралдарымен танысты.

 

Ұялы телефондар мен компьютерлік құрылғылардағы сандық іздерді жинау және талдау әдістерін зерттеді.

Оқытудың арнайы тақырыбы төлем тапсырмалары жүйелеріне, сондай-ақ криптовалюталарды терең зерттеуге арналды.

Литва мен Молдовадан келген халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) және АХҚО отандық мамандары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін атап өтті, киберқылмыстарды тергеу, компьютерлік шабуылдарды анықтау және алдын алу тәжірибесімен бөлісті.

Оқудың соңғы кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Құқық қорғау органдары академиясында өтеді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі