Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтілетін Спорт күнін мерекелеуге арналған шахматтан турнир өтті.
Турнирге Академия қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінен 22 шахматшы қатысты.
Жарысқа қатысушыларды Академия Аппаратының басшысы қарсы алып, мықтыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
«Бұл біріншілік шиеленісті, қызықты болатынына сенімдімін және біз көптеген қызықты және мазмұнды партиялардың куәсі боламыз. Бұл турнир сіздер үшін шахмат шеберлігінің жақсы мектебі болсын, спорттық жетістіктеріңіздің одан әрі өсуіне ықпал етсін», — деп атап өтті Магомед Акаев.
Жарыс ФИДЕ шахмат ойынының ережелері бойынша өткізілді. Жеребе реттелетін швейцариялық жүйе бойынша «Swiss-manager» компьютерлік жүйесін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар жеке біріншілік форматында жарысты. Уақытты бақылау — 7 минут, партияны жазбай, жынысы мен жасына қарай бөлмей өткізілді.
Турнир жеңімпазы Казыбек Темиржанович Аймбетов болды.
Екінші орын Базарбай Тлеулесович Құсайыновқа бұйырды.
Үшінші орынды Мадияр Талгатұлы Маймеров иеленді.
«Үздік ойыншы» номинациясына Дінмұхамед Ажибаев ие болды.
Мұндай турнирлерді ЖОО қабырғасында өткізу спорттың осы түрін насихаттауға, зияткерлік әлеуетті ашуға, Академия қызметкерлері арасында салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға ықпал ететін жақсы дәстүрге айналды.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі