Академияда ЖОО қызметкерлері мен білім алушыларының «Қазақстанның Тарих ағымындағы үздіксіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеті XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталарда. Атлас» атлас-кітабының авторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен кездесуі өтті.
Профессор кітапта 15 жылдан астам уақыт жұмыс істегені туралы, XV-XIX ғасырлар дәуіріндегі Қазақ мемлекетін бейнелейтін 1500 еуропалық және американдық карталардың бар екені туралы, тарихи-мәдени және ғылыми-саяси тұрғыдан қазақтардың әртүрлі елдер мен континенттердегі өкілдігі туралы жаңа мәліметтерді қамтитыны туралы айтып өтті.
Кітаптың ерекшелігі автордың дипломатиялық қатынастардың, қазақтардың жекелеген салт-дәстүрлерінің, сондай-ақ XV-XIX ғасырлардағы мемлекеттілік институтының бар екендігінің құжаттық растамасын белгілеуінде жатыр.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі