БҰҰ өкілімен кездесу

2023 жылдың 1 маусымында құқық қорғау органдары академиясының ректоры БҰҰ Есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу басқармасының аға кеңесшісі Карен Крамермен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты.

Марат Сексембаев атап өткендей, Академия БҰҰДБ-ның халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жобаларын іске асыруға, ең алдымен кірістерді жылыстату және терроризмді, зорлық-зомбылық экстремизмін,киберқылмысты қаржыландырумен күреске белсенді қатысады.

Ағымдағы жылға жаһандық қауіп-қатерлерге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, азаптауға, есірткі инаркотиктерін контрабандаға қарсы іс-қимылдың, құқық қорғау органдарында гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің, құқық қорғау қызметінде жасанды интеллектті пайдаланудың және Қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтарудың өзекті тақырыптары бойынша бірқатар бірлескен ғылыми-білім беру іс-шаралары белгіленді.

Өңірлік хаб қызметінің мамандануын кеңейту шеңберінде сараптамалық және техникалық қолдау көрсету мәселелері де талқыланды.

БҰҰ өкілі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және бірлескен бастамаларды, оның ішінде Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері үшін халықаралық-құқықтық ынтымақтастық желісі шеңберінде іске асыру жөніндегі әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілігін атап өтті.