Академияда тыңдаушылар мен оқытушылар Халық қаһарманы, Ауғанстан соғыс ардагерлерінің республикалық қауымдастығының төрағасы, генерал-лейтенант Бахытжан Ертаевпен кездесті.
Халық қаһарманының бүкіл өмірі мен жауынгерлік өмірбаяны – әскери ар-намыстың, Отан мен халыққа деген адалдықтың жарқын үлгісі, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуға лайық.
Взвод командирінен бастап армия корпусының командиріне дейінгі жолдан өткен Бахытжан Ертаев егемен Қазақстанның Қарулы күштерін қалыптастыруға, армияның қорғаныс қабілеті мен жауынгерлік дайындығын нығайтуға баға жетпес үлес қосты.
27 жасында Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында ол мотоатқыштар бригадасының батальонын басқарған жалғыз қазақ болды.
«Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ кеңесінің қазіргі төрағасы әртүрлі армиялық лауазымдарда қызмет етті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабын басқарды, Штаб бастықтарының жауынгерлік даярлық жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясының бастығы болды. Нормашығармашылық қызметке тікелей қатысып, V, VI Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
Атақты қонақ өзінің армиялық өмірбаянының әртүрлі кезеңдері туралы айтып, қызықты фактілермен бөлісті, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара Академияда қалыптасқан тыңдаушылардың ардагерлермен, белгілі қоғам қайраткерлерімен кездесулерін ұйымдастыру дәстүрінің жалғасы болды.
Мұндай іс-шаралар құқық қорғау органдарының алдында тұрған міндеттердің жұмыс істеу және іске асыру ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды ұрпақтар сабақтастығы, патриотизм, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, антқа адалдық, лауазымдық міндеттерді мінсіз орындауға ұмтылу рухында тәрбиелеуге бағытталған.