Сотта мемлекеттік айыптауды тиімді қадағалау және қолдау үшін

Құқық қорғау органдары академиясы прокурорларға адам саудасына байланысты қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыптауды қадағалауды және қолдауды жүзеге асыру әдістемесін оқыту бойынша бірқатар мамандандырылған тренингтерді жалғастыруда.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының базасында өткен кезекті тақырыптық тренинг көшпелі семинарлар сериясында жетінші болды.

Іс-шара аясында еңбекпен қанауға байланысты қылмыстардың қазіргі жағдайы мен үрдістері талқыланды.

Адам саудасының құрбандарын сәйкестендірудің төмендігі, кінәлі адамдарды анықтау және қылмыстық қудалаудың кемшіліктері мен негізгі себептері талданды.

Тыңдаушылар қылмыстық істерді тергеу әдістемесімен, сондай-ақ осы санаттағы істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаудың, сотқа дейінгі тергеу мен сот тергеуін қадағалауды жүзеге асырудың тактикалық әдістерімен танысты.

Спикерлер атап өткендей, адам саудасы миллиондаған адамдарға әсер ететін жаһандық мәселе. Сондықтан прокурорларға қадағалау органының позициясын дұрыс иеленуге және баяндауға, адам саудасының құрбандарын қорғауды қамтамасыз ету және кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін қажетті білім мен дағдылармен қаруландыруға үйрету өте маңызды.

Тренинг жұмысына еліміздің оңтүстік өңіріндегі адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін «Сана сезім» үкіметтік емес ұйымының өкілдері де қатысты.

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен өтті.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі