Академияда магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми семинардың басты тақырыбы қылмыстық саясатты дамыту перспективалары мен үрдістері болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ғалымдардың қылмыстық заң мен құқық қолдану практикасын жаңғырту контекстінде зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру.
Семинар шеңберінде мемлекеттің қылмыстық саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары талқыланды, докторанттар мен магистранттардың диссертациялық зерттеулері талданды.
Ғылыми пікірталастар жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, азаматтардың еңбек және мүліктік құқықтарына, экономикалық қызмет саласындағы қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл сияқты өзекті тақырыптарға арналды. Жазалау және сот актілерін орындау институтының ережелері қаралды.
Кездесуге қатысушылар заң ғылымы мен құқық қолдануды дамыту, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін жүргізілген зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.
Ізденушілерге ғылыми жұмыстарды дайындауда қолданылатын ұсыныстар берілді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі