Адам саудасына қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды

Орталық Азиядағы адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша жыл сайынғы халықаралық дөңгелек үстелді Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп өткізді.

Оның жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Нидерланды, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның құқық қорғау, мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар заманауи технологияларды қолдану, осындай қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша тиімді шаралар әзірлеу мәселелерін талқылады.

Сөз сөйлегендер адамдарды құрбандыққа, құлдыққа тарту үшін негізгі алаң болып табылатын интернетті кең көлемде пайдалану кезінде адам саудасының қазіргі әлемнің проблемасы ретінде қоғамдық қауіптілігін атап өтті.

Жағдайды шолу шеңберінде жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалған адам саудасы жағдайларын тергеудің озық ұлттық тәжірибелерімен алмасу өтті. Интернет-платформаларда құрбандарды жалдауға қарсы күрес бойынша инновациялық өнімдер мен практикалық құралдар таныстырылды.

Мәселен, Молдова Республикасы прокуратурасының өкілі Сергиу Руссу заңнамалық қарсы іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті. Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулердің арқасында бейнечат арқылы жыныстық қанау сияқты адам саудасының түрін анықтау кезінде заңды вакуум жабылды.

Қазақстанда онлайн адам саудасының жаңа танымал әдістері (вебкаминг), кәмелетке толмағандар мен жастарды құқыққа қарсы пайдалануға тарту ерекшеліктері және осы саладағы қылмыстардың алдын алуға және оларға қарсы іс-қимылға бағытталған Нидерландыда тиімді IT-өнімдерді әзірлеу тәжірибесі қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша адам саудасына байланысты ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді. Қолданыстағы проблемаларды шешу үшін уәкілетті органдар мен азаматтық қоғамды шоғырландыруды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі