«Орталық Азиядағы HELP» жобасы өкілдерімен кездесу

Бүгін Құқық қорғау академиясына «Орталық Азиядағы HELP» Еуропа Кеңесі жобасының өкілдері Сергей Дикман мен Кристина Хохлова келді.

Кездесу барысында Академия ректоры Марат Сексембаев қонақтарды  ЖОО қызметінің негізгі бағыттарымен, ғылыми-білім беру қызметінің нәтижелерімен таныстырып, одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін және заң мамандықтарының өкілдері үшін адам құқықтары саласында бірлескен оқытуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Жоба өкілдері атап өткендей «Орталық Азиядағы HELP» бағдарламасы судьяларды, адвокаттар мен прокурорларды оқытуға арналған негізгі білім беру платформасы болып табылады. Жоба трансшекаралық және жаһандық қауіп-қатерлермен күресуге бағытталған.

Тараптар белгіленген уағдаластықты табысты іске асыруға және өзара іс-қимылдарды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі