Ұрпақтар сабақтастығы

Академияда алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының прокуратура органдарының құрметті ардагері, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Серікбай Ерімбетовпен кездесуі өтті.

Академия ректоры Марат Сексембаев құттықтау сөзінде Серікбай Садықұлының заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, 30 жыл қызмет еткен прокурорлардың көптеген ұрпақтарын тәрбиелеуге, оның ішінде орталық аппарат бөлімшелерінің және облыс прокуратураларының басшысы лауазымдарына қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Кездесу барысында С.С. Ерімбетов өмір мен еңбек тәжірибесінен алынған оқиғалармен және мысалдармен бөлісті, қызмет өткерудің алғашқы жылдарындағы жас қызметкерлерді бейімдеу қиындықтары туралы айтты.

Іс-шара соңында құрметті қонақ жас түлектерге жылы лебізін білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Мұндай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналды және білім алушыларды ұрпақтар сабақтастығы рухында тәрбиелеуге және кәсіби дәстүрлерді сақтауға оң әсер етеді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі