Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясында «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» тақырыбында ғылыми мақалалар байқауы өткізілді.
Бауқауға ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша білім алатын докторанттар мен магистранттардың 14 мақаласы қатысты.
Іс-шара білім алушылардың елдің өзекті ғылыми мәселелерін шешудегі әлеуетін ашуға, оларды шығармашылық және тиімді зерттеу жұмысына ынталандыруға, жарияланымдардың сапасын арттыруға бағытталған.
Қорытынды:
І орын – 2-курс магистранты Фариз Ибрагимов;
ІІ орын – 2-курс магистранты Айым Алтай;
ІІІ орын – 1-курс магистранты Ерболат Байгелов.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі