5 және 6 желтоқсанда Астанада Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдіктерімен, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен, «Ақниет» қоғамдық қорымен бірлесіп, Орталық Азия желісінің зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша (CAPVE) «Жанжал аймақтарынан қайтарылған адамдарды оңалту және реинтеграциялау: Орталық Азия елдерінің тәжірибесі» атты жыл сайынғы өңірлік кездесуін өткізді.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов атап өтті.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның уәкілетті органдары өз азаматтарын, оның ішінде әйелдер мен балаларды Сирия мен Ирактың қақтығыс аймақтарынан қайтару бойынша елдердің тәжірибелерімен және проблемаларымен бөлісті.
Үкіметтік емес ұйымдар қайтарылған адамдарды оңалту және реинтеграциялау бағдарламаларын іске асыру кезінде жұмыстың қорытындылары мен мемлекеттік сектормен өзара іс-қимылдың нәтижелерін атап өтті.
Қазақстанның «Жусан» гуманитарлық операциясын жүргізудегі тәжірибесі қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Академияның бірінші проректоры Калиолла Сейтенов әріптестеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.
Орталық Азия желісі 2017 жылы Құқық қорғау органдары академиясының қолдауымен БҰҰ ЕҚБ құрылды және аймақтың өзара іс-қимылын нығайту және зорлық-зомбылық экстремизм қатерлеріне төзімділігін арттыру мақсатында Орталық Азия елдерінің сарапшыларын біріктіреді.
Құқық қорғау органдары академиясы 2020 жылдан бастап төраға қызметін атқарады.