Қоғамның есірткіге қарсы іс-қимылдарының мемлекеттік-құқықтық тетіктері талқыланды

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері Құқық қорғау органдары академиясында өткен «Қоғамның есірткіге қарсы іс-қимылдарының мемлекеттік-құқықтық тетіктері» халықаралық дөңгелек үстелде талқылаудың басты тақырыбына айналды.

Бұл қатерге қарсы күрес әрқашан ұлттық басымдықтардың қатарына кірді, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарда және Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында көрініс табады.

Диалог алаңы іс-шараға қатысушылардың әртүрлі көзқарастарын шоғырландыруға мүмкіндік берді.

Олардың ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанның көрнекті ғалымдары бар.

Отырыс барысында есірткі құралдарының тізбесін қайта қарау, тыйым салынған контентке мониторинг жүргізу, «жедел желілерді» ұйымдастыру, интернетте есірткіні төлеу және тарату арналарын бұғаттау бойынша бірқатар ұсынымдар қалыптастыруға мүмкіндік беретін мазмұнды пікір алмасу өтті.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі