Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Альбина Аскарова Қаржы қауіпсіздігі бойынша II Халықаралық Олимпиаданың финалисті атанды.
Олардың қатарына Бразилия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Оңтүстік Африка елдерінен келген 40 000 өтінімнен 500 қатысушы кірді.
Соңғы кезең Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» федералды аумағында өтті.
Олимпиада шеңберінде семинарлар, шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар, көрмелер, сондай-ақ қаржылық барлау бөлімшелерінің сарапшыларымен және банк саласының комплаенс-офицерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Іріктеу кезеңдерінде үздік нәтижелерді көрсете отырып, Альбина Аскарова түрлі елдердің өкілдерінен құрылған командалардың бірінің капитаны болды.
«Халықаралық тәуекелдерді бағалау орталығы» симуляциялық жаттығуының қорытындысы бойынша («Графус» жүйесін пайдалану бойынша) А. Аскарова басқарған команда 3 орынға ие болды, ал Альбинаның өзі Олимпиаданың 50 жеңімпазы мен 15 үздік спикерлерінің қатарына кірді.
А.Аскарова: «Менің ғылыми зерттеуімнің тақырыбы Қаржылық барлау және оның бөлімшелерінің жұмысымен тікелей байланысты. Сондықтан бұл іс-шараға қатысу мен үшін өте пайдалы болды. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінде тағылымдамадан өтуге, түрлі елдердің ҚББ өкілдерімен әңгімелесуге, олардың ұлттық қаржылық тергеу тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Басқа мемлекеттердің қатысушыларымен командаларда жұмыс істеу қызықты және танымдық болды».
Магистрант Академияға, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігіне, сондай – ақ өзінің ғылыми жетекшісі-профессор Жазира Нұрлыбековаға алғысын білдіреді.
Олимпиаданы Ресей Қаржы мониторингі, Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрліктері ұйымдастырды.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі