Құқық қорғау органдары академиясы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп Бас прокуратура, ҚСжАЕК және аумақтық прокуратура қызметкерлері үшін «Прокурорларға арналған киберкеңістік» және «Террористердің технологияларды пайдалануы» оқыту курстарын өткізді.
Ұлттық компьютерлік сараптама институтының (NCFI) қызметкерлері Лонго Скот Алан және кибер зерттеулердің арнайы агенті Натан Алан Тейгланд өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сарапшылардың презентациялары террористік актілер жасау мақсатында заманауи технологияларды қолданудың өзекті мәселелеріне, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдемелермен жұмыс істеуге, сондай-ақ цифрлық деректерді жинауға және талдауға байланысты аспектілерге арналды.