Жалпы редакцияны басқарушы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты С.М. Сапаралиева.
Осы басылымға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жас ғалымдарының ғылыми іс-шаралары мен семинарларының материалдары енгізілді. Жинақта қылмыстық заңнаманы дамытудың, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігін құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының құқықтық аспектілері қарастырылады. Жинақ ғылыми қызметкерлер, оқытушылар және жас ғалымдарға арналған.