2022 жылғы 7 қазанда Құқық қорғау органдары академиясы басшылығының Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өңірлік қауіпсіздік бөлімінің бастығы П.Хендрикспен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Академия мен елшілік арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелері мен келешегі талқыланды.Кездесуге қатысушылар ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейін және сенім мен қауіпсіздік деңгейін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және Академияның жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін іске асыру мәселелеріне қосқан үлесін атап өтті.
Тараптар қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша П.Хандрикс серіктестік қатынастарды нығайтуға және бірлескен іс-шараларды өткізуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.