Астанада «Заңсыз көші-қон және адам контрабандасының алдын алу үшін құжаттарды қолдан жасаумен күрес» атты 5 күндік оқыту семинары басталды.
Қатысушылар қатарында прокуратура, полиция, шекара қызметі, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері бар.
Іс – шара барысында Нидерландыда, Германияда, Грецияда, Болгарияда-заңсыз көші-қонның үлкен легіне тап болған мемлекеттерде жұмыс тәжірибесі бар түрік ұлттық полициясының жаттықтырушылары өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі.
Оқыту жалған құжаттарды анықтау, паспорттық бақылау, тәуекелдерді талдау, алаяқтықты анықтау әдістері, заңсыз көші-қонға және адамдардың контрабандасына қарсы тиімді іс-қимыл шеңберінде визаларды қорғау ерекшеліктерін қолдану дағдыларын арттыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылар: Құқық қорғау органдары академиясы және Азиядағы Өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы.