«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

Жалпы біліктілік талаптары:

 С-4 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына қарай
min max
С-4 212 061 260 615

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефондары: 8775-578-10-87, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының мынадай бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 04.01.2025 жылға дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне, осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығу құқығымен).

Функционалдық міндеттері: Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды (негізгі құралдарды, материалдық емес активтер мен тауар-материалдық құндылықтарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, жеткізушілермен есеп айырысу және т.б.) сақтау орындары мен жауапты тұлғалар бойынша есепке алуды жүргізеді; келіп түсетін негізгі құралдарды, қорлар мен ақша қаражатын есепке алудың дұрыстығына, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысына байланысты операциялардың уақтылы көрсетілуіне, шаруашылық материалдарының, ақша қаражаты мен кеңсе тауарларының дұрыс жұмсалуына, шығыстар сметасының сақталуына, бастапқы құжаттар негізінде есептілікті жасау тәртібіне бақылау жүргізеді; №№ 9, 10, 13, 16, 23, 24 мемориалдық ордерлерді жасайды және қалыптастырады; ақшалай қаражаттарды, негізгі құралдарды, материалдық емес активтер мен қорларды уақтылы түгендеудің жұмысын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; қойма қызметкерлерімен қызметкерлерді кеңсе керек-жарақтарымен және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; активтерді есептен шығару, өткізу және өткізу бойынша құжаттарды жасайды, сондай-ақ экономикалық орындылығын ескере отырып, оларды қабылдау-беруді келіседі; жетекшілік ететін мәселелер бойынша жартыжылдық, жылдық қаржылық есептілік жинағы үшін негізгі құралдар мен қорлардың қозғалысы бойынша ақпаратты қалыптастырады; Академияның балансынан негізгі құралдарды есептен шығару үшін қажетті құжаттаманы ресімдейді; Академия жеке құрамының нысанды киім-кешекпен және өзге мүлікпен уақтылы қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады; №1 «Негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп», №3-информ «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілікті жасайды; активтер бойынша ЕССО есебінің уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, қаржылық есептілікте, есеп саясатында, өзге де деректерде сақталуын қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жылумен, электрмен жабдықтаумен, қазандық жабдығының жұмысымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады; Академияның негізгі қорларына (ғимараттарға, жылыту, сумен жабдықтау, жарықтандыру, көлік жүйелеріне және т. б.) ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, шығыстар сметасын жасайды; қызметкерлерді құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді; дизель отынын қабылдауды және есепке алуды жүзеге асырады; Академияның балансындағы материалдық құндылықтардың, жабдықтардың сақталуына күн сайынғы бақылауды жүзеге асырады; шаруашылық мәселелерін қамтамасыз ететін еңбек шарты бойынша жұмысшылардың жұмысын ұйымдастырады; жүргізілетін жөндеу жұмыстарының орындалуына жауапты болады; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді; жатақханалардағы санитарлық жағдайға күн сайынғы бақылауды жүзеге асырады; өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жай-күйді қамтамасыз етеді; техникалық қызметтердің жұмысына бақылауды жүзеге асырады; қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың, өту жолдарының қасбеттерін мерекелік көркем безендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, күзгі-қысқы маусымға дайындықты жүргізеді; Академияны материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; жиһазбен, шаруашылық инвентарлармен, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді; олардың сақталуын және уақтылы жөндеу жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологи.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және Академияда қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың электрондық мекен-жайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Академияда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға жазбаша нысанда бере алады.

Уәкілетті органға ақпарат беру жағдайларын немесе Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, конкурс аяқталғанға дейін мемлекеттік орган қызметкерлерінің конкурс комиссияларының құрамы туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің конкурстық комиссияның отырысына қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.gov.kz.

 

 

_____________________________

                                                                                         (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені ____________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-maіl: ______________________

ЖСН: ______________________

_________                                                                              ___________________________

(қолы)                                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))