Құқық қорғау органдары академиясы мен Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының академиясы бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелдің басты тақырыбы құқықтық білім берудегі қашықтықтан оқытудың үрдістері мен перспективалары болды.
Оның жұмысына жетекші заң, ведомстволық және арнайы оқу орындарының – Өзбекстан Бас прокуратурасы академиясының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР ІІМ Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау органдары үшін заманауи мамандарды даярлау, заңгерлік білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері бойынша мазмұнды диалог өтті. Пікірталастарда белгілі ғалымдар, сарапшылар мен мамандар сөз сөйледі.
Жоғарыда көрсетілген оқыту форматының қазіргі жағдайы мен үрдістері талқыланды, қашықтықтан білім беру қызметтерін ұсынудың тиімді жүйесін құру жолдары туралы пікір және ұсынымдар алмасылды.
Іс-шараға қатысушылардың пікірінше, осындай диалог алаңын құру, ғылыми және практикалық тәжірибені шоғырландыру білікті заңгерлерді даярлау мәселелерін мүдделі талқылау үшін жақсы мүмкіндік болды.