Академия өзекті және сұранысқа ие ғылыми-білім беру контентін қалыптастыруды қамтамасыз етуге қабілетті әріптестік қатынастарды дамытуды жалғастыруда.
А.ж. 3-наурызда ЖОО Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Әріптестік қатынастардың негізгі бағыты мемлекеттің діни саясатын қолдау, деструктивті ағымдарға қарсы күрес болып табылады.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша бірлескен білім беру іс-шараларын, ғылыми зерттеулер жүргізу, ақпараттық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарда бар.
Келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өте отырып, тараптар қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты іске асырылуына сенім білдірді.