ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 26 қарашасында Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Академияға ақпараттық технологияларды енгізу туралы және Академия кітапхана қорының жағдайы мен кітапханасының дамуы бойынша жұмыстың нәтижесі туралы есептер тындалды, сондай-ақ Академияның білім беру қызметін өзін-өзі бағалау жөніндегі қорытынды жобалары, 2021 жылғы қабылданған магистранттардың ғылыми жетекшілері мен зерттеу тақырыптары (бейіндік бағыттағы, оның ішінде қашықтықтан оқыту) мақұлданды.

«Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру конкурсына қатысу үшін Е.Н. Бегалиевтің кандидатурасын жіберу туралы мәселе қарастырылды.

Сондай-ақ отырыста докторант Н.Ә. Катаевтың диссертациялық зерттеу тақырыбын өзгерту туралы шешім қабылданды.