Аталмыш құралы «Қылмыстық—құқықтық құралдармен трансұлттық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» курсының бағдарламасына сәйкес дайындалды.
Оқу құралының материалдарында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың түсінігін, белгілерін, субьектілерін, сипаттамаларын, әлімдік трансұлттық ұйымдардың және олардың қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ аталған қылмысты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау проблемаларынан бастап қылмыстық-құқықтық және криминологиялық талдау жасалған. Сондай-ақ, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шараларының халықаралық тәжірибесі мен ұлттық жүйесі де қарастырылады.
Оқу құралы заң университеттері мен факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне, қылмыстық құқық, криминология және жоғарыда аталған мәселелерді зерттейтін докторанттар мен магистранттарға арналған.