EMLE.KZ

«Emle.kz» сайты қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогына тыныс белгілердің қойылу ретіне байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқарған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулар мен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетін заңдылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында ғалымдардың осы салаға қатысты ғылыми мақалалары берілген. Әрбір мақалаға орай пікір қалдыруға болады. Сол арқылы оқырман автордың өзіне, мақаласына қатысты сұрақтар қойып, жауап алу мүмкіндігіне ие болады. Оқырман онлайн режимінде орфографияға қатысты туындаған сұрақтарын қоя алады. Әрбір қойылған сұраққа білікті мамандар толыққанды жауап береді.