ФТҚ және АҚШ Мемлекеттік департаментінің қызметкерлері Академияда шетелдік содырларды анықтау бойынша тренинг өткізді.
Оқудан Қазақстанның прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері өтті.
Тренинг бағдарламасында содырлардың террористік іс – әрекетке қатысуының, радикалды көріністерге қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдірудің өзекті мәселелері қамтылған.
Практикалық сессиялар террористерді іздеу және анықтау, осы санаттағы істерді тергеу, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл әдістерін жетілдіру мәселелеріне арналды.
Сондай-ақ, оқыту барысында террористердің жеке басының ерекшеліктері мен психологиясына, олардың қылмыс жасау себептеріне талдау жүргізілді, терроризмді тудыратын себептер мен жағдайлар, деструктивті ағымдардың қаупі талқыланды.