Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында жас ғалымдардың ғылыми мақалалары байқауы өтті.
Байқауға барлығы үш тақырыптық бағыт бойынша Қазақстанның 7 жоғары оқу орнының магистранттарымен докторанттарының 50-ге жуық жұмысы ұсынылды.
Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың жұмыстары конкурстық комиссияның жоғары бағасына ие болды, әр бағыт бойынша жүлдеді орындар алынды.
«Материалдық және процессуалдық қылмыстық құқық нормаларын қолданудың өзекті мәселелері» бағыты бойынша магистранттар Т.А. Сабитова мен Н.М. Арыстановтың жұмыстарына 2 және 3 орындар берілді.
Сондай-ақ «Конституциялық және әкімшілік құқық нормаларын іске асыру мәселелері» бағыты бойынша магистрант М.С. Иманбаев және «Азаматтық құқық пен процестің заманауи мәселелері» бағыты бойынша докторант А.Ж. Темірова 3 орын алды.
Байқау жүлдегерлеріне салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Сәуле Сапаралиева байқау мақалаларының жоғары сапасын атап өтті, дипломаттарды лайықты марапатымен құттықтады, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми жетекшілеріне сапалы жұмысы үшін алғыс айтты.