Монографияда Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына көзделген мүліктік жазалар айыппұл мен мүлікті тәркілеу талданады, оларды сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін тағайындау тәжірибесі қарастырылады. Жұмыс мазмұнында аталған мүліктік жазалар кешенді түрде сарапталып, олардың сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен күрестегі тиімділігі анықталады.
Кітап оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, тәжірибе қызметкерлеріне, сондай-ақ аталған бағытта ғылыми зерттеулерді жүргізетін оқырмандардың кең аудиториясына арналған.