- Құқық қорғау органдарына қызметке кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа түсу емтихандарын өткізу кестесі (бұдан әрі — Кесте) ведомстволық сайттарда жарияланады.
- Емтихандар Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) ғимаратында емтихан билетінің үш сұрағына және емтихан комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына кандидаттың ауызша жауаптары нысанында өтеді.
- Комиссиялардың құрамына Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері және Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы кіреді.
- Кестеге сәйкес, түсу емтихандарын тапсырған күні кандидаттар Академияға Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-ғимарат мекенжайына келуі тиіс.
Өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы, шарикті қалам, медициналық маскалар, ПТР анықтамасы (қажет болған жағдайда) болуы қажет.
- Келгеннен кейін кандидат Академияның БӨП-не кіреді, өзінің тегін атайды, жеке куәлігін көрсетеді, байланыс құралдары мен электрондық құрылғыларды ұяшықтарға тапсырады (Академияның кезекші бөлімінің қызметкері олардың сақталуына жауапты болады).
- Академия ғимаратында кандидаттың медициналық бөлімінің қызметкері температураны өлшейді және соңғысы қолды антисептикпен өңдейді (Денсаулық сақтау органының міндетті талабы болған жағдайда).
Академияның Кезекші бөлімінің қызметкері арнайы құралдарды (интроскоп, металл детектор) қолдана отырып, кандидатқа тыйым салынған заттардың (байланыс құралдары, электрондық құрылғылар) бар-жоғына тексеру жүргізеді.
- Академияның 1 қабатының фойесінде көрсетілген рәсімдерден өткеннен кейін кандидат тіркеуден өтуі, бірегей нөмірі бар бейдж алуы және акт залына өтуі қажет.
Акт залында кандидаттардың қатысуымен Академия әзірленген бірегей бағдарлама арқылы емтихан комиссияларының құрамын кездейсоқ тәртіппен қалыптастырады, олардың хатшыларын, сондай-ақ емтихан өткізу үшін аудиториялардың нөмірлерін және емтихан билеттерінің нұсқаларын айқындайды.
- Емтихан комиссияларының құрамы анықталғаннан кейін кандидат бейдждегі нөмірге сәйкес кезек тәртібімен түсу емтихандарын тапсыру үшін аудиторияға өтеді.
- Емтихан тапсыру үшін аудиторияға бір мезгілде кандидаттар тобындағы тізім бойынша (бейдж нөмірлері бойынша) тұрған алғашқы 5 адам кіреді.
- Тікелей емтихан аудиториясында кандидат емтихан комиссиясының хатшысына бейджде көрсетілген нөмірді атайды, билетті таңдайды, камераға бейдж нөмірін анық және қатты дауыстап айтады, камераға жеке куәлік пен билет нөмірін, сұрақты көрсетеді.
Әрбір емтихан алушыға хатшы «пакеттер үшін» мөрімен мөр басылған және емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған 1 бос қағаз парағын береді. Қажет болған жағдайда қосымша парақтар беріледі.
- Емтиханның басталуы емтихан билетін алу уақыты болып табылады. Ауызша жауаптарға дайындық ұзақтығы 30 минуттан аспайды.
Емтихан тапсырушы шыққан кезде алынған парақтар мен бейджді емтихан комиссиясының хатшысына тапсырады.
- Емтихан тапсырған кандидат аудиториядан шығып, ғимараттан шығады.
- Емтихан нәтижелері құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында емтихан тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жарияланады.