ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 27 мамырында Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Академия Ректоры Ғылыми кеңес хатшысы, (PhD) докторы А.Ж. Сыздыковқа «Қауымдастырылған профессор» атағын беру туралы аттестатын тапсырды.

Отырыста 2020-2021 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуда оқитындар курстан курсқа ауысуы үшін минималды ауысу баллының өлшемі бекітілді, 2021 жылы Академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылдау үшін шекті балы белгіленді, сондай-ақ Академияның Магистранттары мен докторанттары кенесінің жұмысы туралы есеп тындалды.

«Сейітов оқулары» Криминологиялық форумының материалдар жинағын шығаруға және Академия профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыруға қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Ғылыми кеңес шешімімен «Уголовные правонарушения против собственности» атты оқу құралы жариялауға ұсынылды.

Сондай-ақ қабылдау кампанияға қатысты басқа да мәселелер қарастырылды.