ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысымен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясының басшылығы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробартпен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында негізгі бағыттар мен екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Бүгінгі күні Академия халықаралық ұйым тұлғасында маңызды әріптестері бар, онымен ынтымақтастықта қауіпсіздікті нығайту және жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көптеген бірлескен жобалар іске  асырылды.

Тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру, қылмысқа қарсы күрес және т.б. салаларда бірлескен ғылыми және оқыту іс-шараларын одан әрі жалғастыруға қатысты пікір алмасты.

ЕҚЫҰ-ның өкілі әріптестік қатынастарды нығайтуға өзінің мүдделілігін және өңірлік деңгейде оқу іс-шараларын өткізуге жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Академия 2015 жылдан бастап Халықаралық ұйыммен белсенді ынтымақтасады.