26-30 сәуірде Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында компьютерлік қылмыстарға қарсы іс-қимыл, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу проблемаларына арналған екі семинар ұйымдастырды.
Оқытудан прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері өтті.
Іс-шараны аша отырып, Академияның Кәсіптік оқыту институтының директоры Магомед Акаев семинар тақырыбының ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық қатерлері тұрғысынан өзектілігін, кибер қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтудің, қылмыстарды тергеуді жүргізетін мамандардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Тренингтер барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жоғары технологиялар саласындағы қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мәселелерінің кең спектрі талқыланды.
Атап айтқанда компьютерлік қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамаларын зерттеу аясында компьютерлік қылмыстың себептері мен шарттары, жоғары технологиялар саласындағы қылмыскердің криминологиялық портреті, қаскүнемнің себептері мен мақсаттары, хакердің негізгі жеке қасиеттері сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Қылмыстардың құрылымы мен динамикасы, киберқылмыстың алдын алу жолдары талданды.
Компьютерлік қылмыстарға қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тетіктерін күшейту мәселелері маңызды тақырып болды.
Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық біліктілігінің, олардың халықаралық-құқықтық жіктелуінің, киберқылмыстарды анықтау мен тергеудің маңызды аспектілері қаралды.
Сарапшылар Беларусь мамандары болды, олар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін атап өтті, киберқылмыстарды тергеудің агрессивті құралдарын, компьютерлік шабуылдарды анықтауға және болдырмауға арналған заманауи жүйелерді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Тыңдаушылар озық тәжірибелерді, жоғары технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесудің пәрменді тәсілдері мен әдістерін игерді. Алынған білім киберқылмысқа тиімді қарсы тұру, қоғам мен мемлекетті ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау үшін қажетті маңызды кәсіби білім мен дағдыларды барынша игеруге мүмкіндік береді.