Ғылыми мақалалар байқауының қорытындысы шығарылды

Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты «Заманауи заң ғылымының дамуы: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысын шығарды.

Академияның магистранттары мен докторанттары форумға заң ғылымының заманауи мәселелерін көрсететін 36 ғылыми мақала ұсынды.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті Академияның білім алушылары арасында ғылыми жұмыстар байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты-заң ғылымын насихаттау және ғылыми қызығушылықты арттыру, жас ғалымдардың жарияланымдық белсенділігін ынталандыру.

Байқау комиссиясы жұмыстарды басты критерийлер бойынша бағалады — ғылыми идеялардың бірегейлігі, ұсынылған еңбектердің практикалық маңыздылығы мен өзектілігі.

Келесі номинациялар бойынша мақалалар жеңімпаз атанды: «Үздік ғылыми мақала» (Мұрат Иманбаев), «Ғылыми мәселенің өзектілігі» (Абзал Байғараев), «Жұмыстың практикалық маңыздылығы» (Талғат Тұрдыбеков), «Идеяның бірегейлігі» (Әлима Қажкенова), «Ғылыми мәселеге жаңа көзқарас» (Меруерт Байболова).

Құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін зерттеуге арналған ұсынылған жұмыстар заң ғылымы үшін үлкен теориялық қызығушылық тудыратыны, сондай-ақ маңызды әлеуметтік-практикалық маңызы бар екені атап өтілді.

Мақалалар заң шығарушы, атқарушы билік, жалпы юрисдикция соттарының қызметкерлері және тәжірибеші заңгерлер үшін қызықты және пайдалы болады.