Халықаралық «Ғылыми кітап» байқауында Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Қалиолла Сейтенов пен профессор Светлана Бычкованың «Сот сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік негіздері» оқулығы жеңімпаз атанды.
Байқауды Ресей Федерациясы ІІМ басқару академиясы ұйымдастырды.
Байқауға Ресейдің білім беру мекемелері, сондай-ақ Достастық елдерінің ведомстволық оқу орындары ғалымдарының еңбектері ұсынылды.
Академия кітабында сот сараптамасын тағайындау және жүргізу мәселелері туралы өзекті мәліметтер бар. Материал заңнаманың және құқық қолдану практикасының қазіргі жай-күйін ескере отырып баяндалған.
Басылым студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сот сарапшыларына, криминалист мамандарға, сондай-ақ практикалық және ғылыми қызметкерлерге арналған.