Жаңалықтар

Академия цифрлық ортадағы қылмыстарды тергеп-тексеру бойынша мамандарды даярлауды аяқтады

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокурорлар мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне арналған цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды тергеп-тексеру курсы аяқталды. Бірнеше айға созылған оқу төрт бағытты қамтыды: цифрлық тергеп-тексеру, цифрлық криминалистика, ашық дереккөздерден ақпарат іздеу және талдау (OSINT), сондай-ақ криптовалюталар мен цифрлық активтерге байланысты құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру. Практикалық даярлыққа ерекше назар аударылды. […]

Жаңалықтар

Сөйлеу мәдениеті және оқытушының шеберлігі: Академияда практикалық сабақ өтті

2026 жылғы 20 қарашада Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Педагогикалық шеберлік мектебінде оқытушылар мемлекеттік тілде сауатты әрі мәнерлі сөйлеу тәсілдерін, тілдік қателерді түзету жолдарын және кәсіби қарым-қатынас мәдениетін арттыру әдістерін меңгерді. «Сөйлеу мәдениеті: тіл тазалығы, кәсіби тіл және оқытушының сөйлеу шеберлігі» тақырыбындағы сабақты академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, […]

Жаңалықтар

Академия мен CIMEA білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2026 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров Италияның академиялық ұтқырлық және академиялық баламалылық мәселелері жөніндегі ақпараттық орталығының (CIMEA) бас директоры Лука Лантеромен кездесті. Кездесуге CIMEA-ның Орталық Азия бойынша Өңірлік кеңсесінің директоры Айтжан Құлымжанова да қатысты. Тараптар Академия түлектерінің біліктіліктерін Еуропада тану, бірлескен білім беру бағдарламаларының сапасын […]

Жаңалықтар

Академия докторанттары Астана полициясының цифрлық технологияларымен танысты Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына барып, жедел жағдайды бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қолданылатын цифрлық технологиялармен танысты. Қатысушыларға бейнебақылау жүйесі, полиция бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тетіктері және Орталық қызметінің ұйымдастырылуы таныстырылды. Құқық бұзушылықтарға жедел ден қою, қылмыстардың алдын алу және оларды ашу үшін техникалық құралдарды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жедел басқару орталығына бару докторанттарға полиция қызметінің практикалық қырларын зерделеуге және құқық қорғау саласында цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берді.

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына барып, жедел жағдайды бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қолданылатын цифрлық технологиялармен танысты. Қатысушыларға бейнебақылау жүйесі, полиция бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тетіктері және Орталық қызметінің ұйымдастырылуы таныстырылды. Құқық бұзушылықтарға жедел ден қою, қылмыстардың алдын алу және оларды ашу үшін техникалық […]

Жаңалықтар

Жас зерттеушілер қылмыстық саясатты дамытудың перспективаларын талқылады

2026 жылғы 19 қарашада Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қылмыстық саясатты дамыту, құқық қорғау қызметін жетілдіру және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ғылыми семинар өтті. Семинарда Академия мен Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің магистранттары мен докторанттары баяндама жасады. Сарапшылық талқылауға аталған оқу орындарының, «Тұран-Астана» университетінің және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері […]

Жаңалықтар

Академияда прокуратура органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокурорлық қызмет ардагерлерімен ұрпақтар сабақтастығы мен кәсіби дәстүрлерді сақтауға арналған салтанатты кездесу өтті. Құрметті қонақтар қатарында әр жылдары Бас Прокурордың орынбасары және Жоғарғы Соттың судьясы қызметтерін атқарған Асқар Секішев, Қазақстандағы тұңғыш әйел генерал, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу […]

Яндекс.Метрика