Жаңалықтар

Командалық рух – іс жүзінде: Академияда тимбилдинг өтті 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қызметкерлер арасында командалық тимбилдинг өтті. Төрт команда 10 тақырыптық станцияда бақ сынап, қатысушылар күш пен төзімділікті, ептілік пен дәлдікті, сондай-ақ жылдам шешім қабылдау және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Бағдарламада түрлі спорттық және шығармашылық сынақтар болды. Қатысушылар арқан тартысып, «Бомбардирлер» станциясында мергендіктерін сынады, «Тепе-теңдік» станциясында тапсырмалар […]

Жаңалықтар

Академиядағы жаңа оқу жылы: кадрлар даярлау, тәжірибе және ғылым

  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданған прокуратура органдарына қызметке кіретін 170 кандидат, сондай-ақ 68 магистрант пен 20 докторант оқуға кірісті. Іріктеу алғаш рет «Open Academy»ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүргізілді, бұл қабылдаудың негізгі кезеңдерін цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді. Түсу сынақтарының әділдігін қамтамасыз ету […]

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және заң: Академияда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған халықаралық курс өтуде

1-4 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Құқық қорғау қызметінде жасанды интеллектіні жауапты және этикалық пайдалану» тақырыбында халықаралық оқу курсы өтуде. Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің және Германия Федеративтік Республикасының қолдауымен ұйымдастырылды. Курстың ашылуында Академия ректоры Нұрғалым Әбдіров құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Елші Алексей […]

Яндекс.Метрика