Академия профессоры цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мәселелері бойынша халықаралық форумда Қазақстан атынан қатысты
16–18 қыркүйек аралығында Уфа қаласында «Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылымы мен біліміндегі заманауи тенденциялар» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараға ТМД елдері мен алыс шетелден ғалымдар, сарапшылар және жас зерттеушілер қатысты. Форумда Қазақстанның заң ғылымын Құқық қорғау органдары академиясының Инновациялық даму орталығының бастығы Қ.Қ. Сейтенов таныстырды. Пленарлық отырыста ол «Цифрлық із – […]