Жаңалықтар

Мектепте жасөспірімдердің құқықтық қауіпсіздігі талқыланды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Р. Қошқарбаев атындағы №1 мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтық қауіпсіздігі мен жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Кездесу «Құқықтық көмек» акциясы және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өтті.Оқушыларға нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, буллинг пен кибербуллингтен қорғану, вейптерді пайдалану, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруі, […]

Жаңалықтар

«Тіл шебері – 2026»: үш тіл, сөз дәлдігі және қарым-қатынас мәдениеті

Қазақ, орыс және ағылшын тілдері Академиядағы кәсіби сайыстың өзегіне айналды. «Тіл шебері – 2026» байқауында 12 курсант, магистрант және докторант сөзді дәл қолдану, кәсіби терминологияны меңгеру және ойды үш тілде жеткізу қабілеттерін сынады. Қатысушылардың өнерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Ұлттық ғылыми-практикалық «Тіл-Қазына» орталығының өкілдерінен құралған шақырылған қазылар алқасы бағалады. Сайыс «Елтаным», […]

Жаңалықтар

Абай идеялары және заманауи өмір салты: Академияда семинар-тренинг өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты семинар-тренингте Абай философиясы заманауи тұрғыдан талқыланды. «Толық адам» қағидаттарын күнделікті өмірде қалай жүзеге асыруға болатыны туралы велосаяхатшы Ернат Рахметолла айтып берді. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, аудармашы және журналист Ернат Рахметолла велошерулер ұйымдастыру бойынша Қазақстанның үш дүркін рекордшысы. Ол […]

Жаңалықтар

Академияда докторлық диссертациялар қорғалды

Құқық қорғау органдары академиясында «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша докторлық диссертациялар қорғалды. Саида Жұмакадр 8D04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы аясында «Қымбат металдар мен асыл тастарды, құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын заңсыз айналымға байланысты қылмыстарды тергеп-тексерудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбындағы зерттеуін ұсынды. Жаслан Смағұлов 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру […]

Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан академиялары цифрлық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Өзбекстан Республикасының Құқық қорғау академиясы Ташкент қаласында цифрлық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Тараптар осыған дейін өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қарастырып, бірлескен оқыту, ғылыми өзара іс-қимыл және құқық қорғау қызметіне цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысында білім беру процесінде және ғылыми қызметте цифрлық құралдарды қолдану, сондай-ақ […]

Жаңалықтар

«ProLab»-та инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жаңа әдістемесі таныстырылды

Астана қаласы прокуратурасының өңірлік «ProLab» зертханасында инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Құқық қорғау органдары академиясы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, инвесторлардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Құжат прокурорлық қадағалау мен инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеудің бірыңғай тәсілдерін, оның ішінде «прокурорлық сүзгі», цифрлық […]

Яндекс.Метрика