Жаңалықтар

Мемлекеттік айыптаушылардың біліктілігін арттыру

2026 жылғы 27-31 шілде аралығында Құқық қорғау органдары академиясында «Алқабилердің қатысуымен сотта мемлекеттік айыптауды қолдау» тақырыбында мемлекеттік айыптаушылардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Оқу прокурорлардың алқабилер қатысатын сот процестеріне дайындалу, сот талқылауына қатысу, дәлелдемелермен, оның ішінде цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеу және оларды сотта тиімді ұсыну бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Сабақтар барысында тыңдаушылар дәлелдеу мен иландырудың […]

Жаңалықтар

ІІМ Басқару академиясында цифрлық активтер мәселелері бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ІІМ Басқару академиясының базасында ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған цифрлық активтермен байланысты операцияларды анықтау мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді. Оқыту барысында қатысушылар блокчейн технологиясының негіздерін, криптоәмияндар мен криптоайырбастау платформаларының жұмыс істеу қағидаттарын, сондай-ақ криптовалюта транзакцияларын бақылаудың заманауи тәсілдерін меңгерді. Интернет-алаяқтыққа, […]

Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 2026 жылғы 26 шілдеге дейін магистратура мен докторантураға оқуға түсу үшін құжаттарды «Open Academy» цифрлық жүйесі арқылы қабылдайды. Құжаттарды келесі сілтеме бойынша тапсыруға болады: talapker.prokuror.gov.kz. («Open Academy» цифрлық жүйесінде тіркелу және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулық қоса беріледі.)  

Жаңалықтар

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Astana IT […]

Жаңалықтар

Байқоңырда Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары өкілдерінің бірлескен кездесуі өтті

Байқоңыр қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша қаланың және Қызылорда облысына қарасты жақын маңдағы елді мекендердің құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров, Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, екі елдің құқық қорғау және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері, […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура органдарының ардагерлер күнін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура органдарының ардагерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға прокуратура органдарының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері және Академия ұжымы қатысты. Академия басшылығы ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, көп жылғы мінсіз қызметі, жоғары кәсібилігі және заңдылықты нығайтуға, прокуратура органдарын дамытуға және прокурорлық қызметтің үздік дәстүрлерін сақтауға қосқан […]

Яндекс.Метрика