Прокуратура органдарының басшы құрамының коммуникация, көшбасшылық және басқару мәселелері бойынша біліктілігін арттыру
2026 жылғы 8–12 маусым аралығында Құқық қорғау органдары академиясында қала, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар үшін «Көшбасшылық және менеджмент: заманауи тәсілдер» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Оқыту басқарушылық құзыреттерді, көшбасшылық қасиеттерді және ұжымды тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталды. Курстың бағдарламасы басқарушылық шешімдер қабылдау, персоналды басқару, өкілеттіктерді беру, тайм-менеджмент, кәсіби күйзелістің алдын алу және стресс-менеджмент. […]